«Милан» шабуылшысы Златан Ибрагимович коронавирустық инфекцияны жұқтырғанын растады.
«Кеше менің коронавирусқа қарсы тапсырған тестім теріс болды, ал бүгін оң. Симптомдар болған жоқ. Коронавирустың маған қарсы шығуға батылы барды. Жаман идея», - деп жазды Ибрагимович Twitter-дегі парақшасында.
Ибрагимович инфекция диагнозы қойылған екінші "Милан" ойыншысы болды. Бұған дейін оның командалас қорғаушысы Леонардо Дуарте жұқтырған.
Ибрагимович "Милан" сапында 2010-2012 жылдар аралығында ойнады, ал осы жылдың қаңтарында командаға қайта оралған болатын. Мансабында ол сонымен қатар «Мальмё», «Аякс», «Ювентус», «Интер», «Барселона», «Пари Сен-Жермен», «Манчестер Юнайтед» және «Лос-Анджелес Гэлаксидің» намысын қорғады.
Біздің серіктес: FONBET