Ибрагимович: «Мен «Миланды» лайықты орнына қайтарғым келеді»

01.09.2020, 16:02
Ибрагимович кеше «Милан» клубымен келісімшартын ұзартқан болатын.
Ибрагимович: «Мен «Миланды» лайықты орнына қайтарғым келеді»

Шабуылшы Златан Ибрагимович "Миланмен" келісімшартты ұзарту туралы ойымен бөлісті.

«Мен өзімді әрдайым "Миланның" бір бөлігі ретінде сезіндім, тіпті басқа клубтарда ойнаған кезімде де. Бұл жерде маған әрдайым жақсы қарайтын. "Миланға" алғаш келгенімде күлген болатынмын. Мен бұрын-соңды футболда бұлай жасамағанмын. Өзімді үйдегідей сезінемін. Алғаш келгенімде 11-ші нөмірді таңдадым, өйткені "Милан" жанкүйерлері мені осы нөмірмен біледі. 21 нөмірмен мен өзімді бірінші "Миландағы" Ибрагимович сияқты сезінбедім, сондықтан нөмірдің бұрынғыдай болуын өтіндім.

"Миланды" лайықты орнына қайтару үшін осында келдім. Мақсатыма жету үшін бәрін жасаймын. Біз бар күш-жігерімізбен жұмыс жасауымыз керек, бірақ соңғы алты айда "Милан" мақсатымызға жету үшін бізде бәрінің бар екенін көрсетті», - деп келтіреді "Миланның" баспасөз қызметі Ибрагимовичтің сөзін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×