Ибрагимович «Миланда» қала ма?

16.08.2020, 15:23
Маусымның ортасында келсе де командаға көп көмегі тиді.
Ибрагимович «Миланда» қала ма?

"Милан" шабуылшы Златан Ибагимовичтің клубта ойнауын жалғастырғанын қалайды, деп хабарлады итальяндық журналист Николо Шира Twitter-де.

Оның айтуынша, олар өзара келісіп қойған - 38 жастағы Ибрагимович командада бақытты. Әзірге келіссөздердегі басты қиындық - ақша. Ибрагимович пен оның агенті Мино Райола бонустармен қосқанда жылына 6 миллион еуро көлемінде қаражат талап етіп отыр, «Милан» басшылығы бұл соманы азайтуды қалайды.

Ибрагимович Миланға 2020 жылы қаңтарда "Лос-Анджелес Галаксиадан" тегін ауысып келді. Өткен маусымда шабуылшы италиялық клуб үшін 18 матч өткізіп, 10 гол соққан.

Ибрагимович «Милан» сапында 2010 жылдан 2012 жылға дейін ойнады, 2011 жылы Италия чемпионы атанып, ел Суперкубогын жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×