Ибрагимович «Миланнан» кетуді жоспарлап отыр

03.07.2020, 05:02
Клубты шұлық секілді ауыстыратын Ибрагимович тағы да басқа клубқа кетпек.
Ибрагимович «Миланнан» кетуді жоспарлап отыр

«Миланның» шведтік шабуылшысы Златан Ибрагимович итальяндық клубтан кетуге жақын, деп жазады Sky Sport Italia.

38 жастағы шабуылшы "Хаммарбюге" ауысуы ықтимал. Сонымен қатар, командадан ең алдымен жартылай қорғаушы Джакомо Бонавентура кетуі мүмкін.

Ибрагимович 2010 жылдан 2012 жылға дейін өнер көрсеткен "Миланға" осы қыста Американың "Лос-Анджелес Гэлакси" клубынан ауысып келген еді. Италия командасымен келісімшарты 30 маусымға дейін есептелген. Келісімді тағы бір маусымға ұзарту туралы нұсқа да қарастырылған.

"Миланның" атқарушы директоры Иван Газидис шведтік ойыншыдан маусымның соңына дейін яғни, клубтың болашағы айқындалатын уақытқа дейін күтуді сұрағаны белгілі болды.

29 турда 43 ұпай жинаған «Милан» Италия ұлттық біріншілігінде сегізінші орында. Турнирдің көшбасшысы - «Ювентус» (72 ұпай).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×