Ибрагимович: «Пиоли маған Швецияда екі ұлың бар, ал «Миланда» 25 ұлың бар деп айтты»

25.12.2020, 16:15
Пиоли Златанның клубқа көмектескенін қалайды.
Ибрагимович: «Пиоли маған Швецияда екі ұлың бар, ал «Миланда» 25 ұлың бар деп айтты»

"Милан" шабуылшысы Златан Ибрагимович Швецияда тұратын отбасын қатты сағынатындығын айтты.

"Мен отбасымды сағындым. Өте қатты. Тағатым таусылды, енді мұны жасай алмаймын. Мен қазір Швецияда, 14 және 13 жасар ұлдарыммен - Максимилиан мен Винсент және әйеліммен бірге болғым келеді. Швецияға баруым керек пе? Осылай жасамақшы болдым, бірақ Пиоли менің кетуім мүмкін емес екенін айтты, өйткені менің "Миланда" отбасым бар. Пиоли маған Швецияда екі ұлың бар, ал мұнда 25 ұлың бар деп айтты. Мен оларға керекпін", - деді Ибрагимович Sport Mediaset басылымына берген сұхбатында.

Осы жылдың басында Ибрагимович "Миланға" оралған болатын, ол бұл клуб үшін 2010-2012 жылдар аралығында да ойнады. Осы маусымда ол 10 матчта 11 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. Ибрагимовичтің жарақатына байланысты жылдың соңына дейін ойнамайтыны хабарланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×