Ибрагимович Швеция ұлттық құрамасының үздік сұрмергені атанды

05.09.2014, 19:18
Ибрагимович Швеция ұлттық құрамасының үздік сұрмергені атанды
"ПСЖ" шабуылшысы Златан Ибрагимович Эстонияға қарсы жолдастық кездесуде дубль жасап, Швеция ұлттық құрамасының үздік сұрмергендерінің көшін бастады. Златан Швеция құрамасы сапында 99 матчқа қатысып, 50 гол салған. Ибрагимович гол салған ұлттық құрамалар: Мальте (6), Англия (5), Сан-Марино (4), Венгрия (3), Фарер аралдары (3), Норвегия (3), Финляндия (3), Болгария (2), Хорватия (2), Исландия (2), Португалия (2), Эстония (2), Әзербайжан (1), Ресей (1), Италия (1), Голландия (1), Греция (1), Испания (1), Шотландия (1), Сербия (1), Украина (1), Франция (1), Германия (1), Қазақстан (1) және Польша (1). Дайындаған: Нұрахметов Ерден
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×