Ибрагимович жаттығуға кірісті. Видео

01.06.2017, 18:58
Ибрагимович жаттығуға кірісті. Видео

Сәуір айының ортасында тізесінен жарақат алған Златан Ибрагимович алған жарақатынан тез айығып келеді. Сондықтан да, ол өз агенті Мина Райоламен ақылдаса келе, "Манчестер Юнайтед" командасында келесі маусымды да өткізуі ықтимал. Осы жақында ғана TalkSport радиосына сұқбат берген Мина Райола "Златан жылдам қалпына келіп, тез футболға оралып жатса, онда неге "Манчестер" сапында қала бермеске?

Златанның өзі де жарақаттан тез айығып келе жатқанын байқап жүр. Дәрігерлер оған жасыл алаңға тек қазан айында ғана шығасың деген болатын. Алайда, сауығу тез жүрсе, ол одан да ертерек алаңға шығуы мүмкін. Жуырда Златанның өзі инстаграммдағы жеке парақшасына доппен жаттығу жасап жатқанын салды. Ал видео астына "Допқа жанасу ешқашан жоғалмайды. Арыстан адамдарша емделмейді" деп жазыпты.   https://www.instagram.com/p/BUxDOebg3iu/
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×