«ИЧ» инфекциясы

30.04.2012, 09:10
«ИЧ» инфекциясы

немесе ел біріншілігін балқандықтар жаулады

Осы біріншілік басталғалы бері белсенділік танытып, әр командаларда гол ұрып жатқан ойыншылардың көбісі легионерлер. Биыл оларға деген шектеу көбейтілді. Енді еліміз футболында өңкей "ич"-тер жүр. Әр командада 8 сырттан келген келімсек бар. Бұл дегеніміз Қазақстан футбол алаңдарында сырттандар қаптады деген сөз. Егерде, сол легионерлердің легінде жоғарғы деңгейдің аяқдопшылары болып жатса, ештеңе де демес едік. Алайда ел бюджетінің бір бөлігіне мықтап жармасқан келімсектердің көбісі Балқан түбегінде бағы ашылмаған, екінші сұрыпты футболшылар болып шығуда.

Ермұхамед МӘУЛЕН

 

«Қайрат» жеңген жоқ, «Жетісу» жеңілді

«Қайрат» — «Жетісу» 1:0 (0:0) Голдар: Недашковский (76) Ескертулер: Мұқанов (30), Джалович (65), Сариев (79) «Қайрат»: Нұрмұхаметов, Ақйылдыз (Джорджевич, 32), Гурман, Харабара, Левин, Дафф (Балтиев, 83), Шестаков, Недашковский, Мамонов (Розыбакиев, 73), Кнежевич, Йованович Қосалқы ойыншылар: Шабанов, Әубәкіров, Сахалбаев, Калинин «Жетісу»: Степаненко, Щеткин (Спанов, 80), Коробов, Тривунович, Цветкович, Михайлов, Юнузович, Даутов (70), Джалович (Марич, 70), Скорых, Мұқанов. Қосалқы ойыншылар: Құсайынов, Ковалев, Серікжанов, Логиновский Төрешілер: Холматов А., Жаппасбаев С., Айжігітов Г. (барлығы - Қызылорда) 29 сәуір. Алматы, «Орталық», 5000 көрермен. Биылғы маусымның алдында бұрынғы даңқты қайта тірілтеміз деп уәде берген алматылық «Қайрат» командасының ұжымы жергілікті жанкүйерді стадионға келтіру үшін көптеген әрекеттерге барды. Бірақ, футбол фанаттары стадионға ойнатылатын сыйлықтар үшін емес, қызықты ойын көруге келетінін бірден аңғартты. Біріншілікті сүреңсіз бастаған Дмитрий Огай шәкірттері өз алаңында өткізген соңғы ойнында «Қайсармен» ұпай бөліскен болатын. Міне, сол сәтсіздіктен кейін «Қайрат» жеркілікті жанкүйер алдында өздерін ақтағысы келді. Қонаққа келген талдықорғандық «Жетісу» өткен жылғы маусымдағы ерлігін қайталай алмай жүрген жайы бар. Асқар Қожабергенов командасын бір қырсық шалған ба дерсіз. «Қайратқа» қарсы өткен кездесуде команданың ойыны тағы да жүре қоймады. Эдин Юнузовичтің гол соғатын керемет мүмкіндіктері мүлт кетіп жатты. Бірде сәттілік жетіспесе, бірде «Қайрат» қақпашысы Равиль Нұрмұхамедов өз өнерімен көрерменді тәнті етті. Айта кететіні, осы ойындағы қос команданың қақпашылары кезінде бір командада өнер көрсеткен болатын. «Тараз» сапында жүріп көзге түскен қос қақпашы маусым сала бірден Алматы облысының екі ұжымының қатарын толтырған екен. Степаненко мен Нұрмұхамедов бұл жолы бір-біріне қарсылас атанған командалардың қақпасын күзетті. Қорытынды есепте голдар саны аз болуының басты себебі ретінде матчтың қызықты болмағанымен емес, қақпашылардың керемет өнер көрсеткендігін келтіруге болар еді. Ойын басталған сәтте қос команда сапында 8 бірдей бұрынғы Югославия мемлекетінің өкілі жүрді. Кездесу барысында көзге түскендер қатарында тек хорватиялық Кнежевич, сербиялық Иованович, босниялық Юнузович қана болды. Өзге де ич-тердің алаңда жүргені болмаса, аса қатты жарқырап көріне алмады. Өткен жылы «Тараз» сапында өнер көрсеткен төрт ойыншының бірі Олег Недошковский бұл жолы «Қайрат» үшін маңызды гол соқты. Ойын соңынан кейінгі баспасөз мәслихатына келген Серік Әбдуалиев: ««Қайрат» емес жеңген, біз жеңілдік», - деп бастады әңгімесін. Соңғы ойындарда тіпті, жолымыз болар емес. Әйтпесе, командамыз өте жақсы. Жаттығу кезінде барлығы ойдағыдай болады да, ойынға келгенде әзірге нәтиже көрсете алар емеспіз. Бір қырсық шалып жатқан сияқты көрінеді. Өрескел қателіктерді жиі жіберіп қоюдамыз. Бүгінгі ойынды жеңілгеніміз де соның кесірі деп ойлаймын», - деді «Жетісу» командасының бапкері.  

«Ордабасы» орда бұзар емес

«Шахтер» — «Ордабасы» 1:1 (0:0) Голдар: Мансур Гуйе (54), Василевич (89) Ескертулер: Хижниченко 24, Джидич 78, Касьянов 45, Тәжімбетов 76, Карпович 78 «Шахтер»: Мокин, Габышев, Джидич, Василевич, Парываев, Киров (Байжанов, 69), Аресниджевич (Досманбетов, 74), Каньяс, Вичюс, Көкеев, Хижниченко Қосалқы ойыншылар: Григоренко, Лунин, Борантаев, Боровский, Майкич «Ордабасы»: Бекбаев, Мвесигва, Трайкович, Пахолюк, Карпович, Ашірбеков (Адырбеков, 90+3), Гуйе (Джилас, 86), Касьянов, Қожабаев Б, Тәжімбетов (Жалмағамбетов, 81), Мохамед Қосалқы ойыншылар: Нестеренко, Сүйімбаев, Бейсенов, Қожабаев А. Төрешілер: Алешин (Павлодар), Искаков (Қостанай), Кушебин (Рудный) 29 сәуір. Теміртау. «Металлург». 3 000 көрермен. Оңтүстіктің дербиінде «Таразға» жол берген «Ордабасы» сырт алаңдағы екінші кездесуінде ашуға мінді. Шымкенттіктер алаң иелерінің шабуылдарына өте тегеурінді жауап берді. Әрі, өте өрескел түрде ойын тәртіптерін де бұзып жатты. Кез-келген ойында сары қағаз алатын Карпович бұл жолы да дәстүрін аттамады.

Сенегалдық Мансур Гуйе өзінің дене бітімімен адуынды шабуылшыны елестететін. Дегенмен, алғашқы турлардағы ойынына қарап бұл футболшыны қатардағы легионерлердің бірі деп ойлағанбыз. Бірақ, сенегалдық қара маржан Қазақстандағы жасыл алаңдарға енді бой үйретіп келе жатқан сықылды. Виктор Пасульконың сеніміне еніп, алаңға алғашқы минуттардан шыққан шабуылшы «Шахтер» қақпасынан саңлау тапты. Ойынның ең соңына дейін үш ұпайды қолында ұстап тұрған «Ордабасы» жеңісті қолдан берді. Василевичтің соққан добы қонақтардың кездесу барысындағы барлық жігерлерін құм қылды.

 

Ат салмай өтер күн бар ма?

«Ақжайық» - «Тараз» 3:0 (3:0) Голдар: Хлебоун 3, Стойчев 6, Эрбес 32 Ескертулер: Саджо 37 - Мүмінов 26, Пртенияк 65 «Ақжайық»: Цирин, Әлиев, Хлебоун, Валканов, Омаров, Эрбес, Коструб, Азовский (Зотов 59), Стойчев, Саджо (Семлер 41), Зенькович (Забродин 84) Қосалқы ойыншылар: Багаутдинов, Хаиров, Мальцев, Данаев «Тараз»: Цветков, Мехмедович, Лечич, Перич, Диакате, Кургулин, Исламхан (Сүймағамбетов 58), Сергиенко (Кенбаев 77), Мүмінов, Ахметов, Вукман (Пртенияк 19) Қосалқы ойыншылар: Битабаров, Соболев, Бауржан, Карпык Төрешілер: Сләмбеков (Алматы), Попов, Сүйінов (екеуі де - Павлодар) 29 сәуір. Орал. «Ақжайық». 4500 көрермен.

«Айналайын Ақжайық, ат салмай өтер күн бар ма?» деп жырлап өткен Ер Доспанбеттің осы сөзін осы күні премьер-лига клубтарының азулылары ауыздан тастамайтын болған. Оралға қонаққа барған кез-келген команда үш ұпай тұрмақ, бір ұпайдың өзін үлкен олжа көріп жүр. Өткен жолы «Ақтөбе» ұтылса, ендігі кезекті премьер-лигада көш бастаған «Тараз» алды. Қарқыны күшті «Ақжайық» ойынның алғашқы таймында-ақ кездесудің тағдырын шешіп тастады. Жауапсыз соғылған үш гол өткен жылы I-лигада өнер көрсеткен биылғы премьер-лиганың дебютантын турнирлік кестеде алғашқы орынға шығарды.

Даңқты бапкер Любко Петровичтың ұжымы ойынның алғашқы алты минутында екі гол жіберіп алып, абдырап қалды. Одан ары қарай да арнасынан айнымаған «Ақжайық» жергілікті жанкүйерлерге тамаша футбол ләззатын сыйлады. Словакиялық Иожеф Шкрлик баптаған бұл команда ел біріншілігінің лидерлерін осылайша бірінің артынан бірін тұқыртуда. Осы жылғы маусымда өз алаңында ұтылып көрмеген төрт команда бар. Ел чемпионы қарағандылық «Шахтер» мен қостанайдың «Тобылы» өз жанкүйерінің алдында ұятқа қалуды әзірге ар санауда. Ал одан өзге екі команда «Ақжайық» пен «Ордабасы». Және осы екі команда келесі турда өзара бақ сынайтын болады.

Алыптар айқасы

«Ертіс» - «Ақтөбе» 1:2 (1:1) Голдар: Хайруллин 33 пенальтиден (0:1), Бақаев 45 пенальтиден (1:1), Илич 80 (1:2) Ескертулер: Кулибали 58, Чернышов 69 - Қуат 11, Вукайлович 53, Д. Евстигнеев 71, В. Евстигнеев 77 Алаңнан қуылған: Қуат 44 «Ертіс»: Лория, Кулибали (Байжанов 81), Шомко, Кучера, Әлиев (Югович 59), Чернышов, Юрин, Эссомба (Шабалин 54), Отабаев, Струков, Бақаев Қосалқы ойыншылар: Калмыков, Аяғанов, Пархамчук, Иванов «Ақтөбе»: Сидельников, Смақов (Д. Евстигнеев 22), Логвиненко, Бадло, Қуат, Костич, Дарабаев (В. Евстигнеев 46), Вукайлович, Байер, Хайруллин, Илич (Даскалов 83) Қосалқы ойыншылар: Павлов, Мокроусов, Мирошниченко, Құрмашев Төрешілер: Рахымбаев, Қошқаров (екеуі де - Алматы), Дерцапф (Орал) 29 сәуір. Павлодар. «Центральный». 6500 көрермен Бұл теке тіресті дәл осылай атауға толықтай құқымыз бар. Испанияда «Реал» мен «Барселонаның» арасындағы кездесуді «эль-классико» десе, біздің елдегі ең көп чемпион атанған екі команданың арасындағы ойынды осылай да атауға болатын шығар. Керекуде керемет дәстүр қалыптасып, жергілікті команданың ойнына жанкүйер қауым бей-жай қарамайтыны бұрыннан белгілі. Бұл жолы да «Ертістің» өнеріне алты мыңнан астам көрермен келді. «Ақтөбе» қонақтап барған стадионға көп жанкүйер жиналатыны түсінікті. Соңғы жылдардың бедерінде Еуропа лигасында керемет өнер көрсетіп, ел намысын «кәрі құрлықта» қорғап жүрген Мұқанов командасының ойыны жанкүйерге әрқашан да қызықты болатыны түсінікті. Биылғы біріншілік алдында «Партизанның» сұрмергені Брана Иличті өз қосынына қосқан «Ақтөбе» шабуыл өтінде мықтырақ екенін анық аңғартты. «Ертіс» қорғаушыларын әбден састырған Илич өзінің әдемі де, сұңғыла пастарымен әріптестерін ұрымтал сәттерге көп шығарды. 7-турда «Қайрат» қақпасына пенальтиден гол соққан Хайруллин осы қызметімен бұл жолы да өз командасын алға жетеледі. Төреші Айдын Рахымбаев 11-метрлік айып добымен «Ақтөбені» ғана емес «Ертісті» де жарылқады. Бірақ, Бақаевтың голына ойын соңына таяу Брана Илич жауап қатып, «Ақтөбеге» маңызды үш ұпай әперді.  

Аргентиналық дубль

«Оқжетпес» - «Сұңқар» 0:2 (0:1) Голдар: Родригес 26, Родригес 51 Ескертулер: Дяк 36 - Сүйінов 35 «Оқжетпес»: Осипчук, Чудинов (Кенетаев 70), Милованович, Чучман, Михайлюк (Чеботарь 34), Янкеп, Кожушко, Махамбетов (Самохин 46), Дяк, Чагелишвили, Досмағамбетов Қосалқы ойыншылар: Абжанов, Төкенов, Якименко, Әбдікәрімов «Сұңқар»: Пасеченко, Әмірсейітов, Нохунек, Тонев, Сабиров, Цветкович, Сүйінов, Халмұратов (Мыңбаев 90+), Родригес, Адамович (Шапурин 58), Бөлешев (Шурыгин 88) Қосалқы ойыншылар: Враньич, Молдағалиев, Андреев, Өскенбаев Төрешілер: Қарлыбаев (Орал), Атажанов (Шымкент), Әубакіров (Астана) 29 сәуір. Көкшетау. «Оқжетпес». 1400 көрермен. Өткен аптадағы 7-турдың «жұлдызы» болған «Оқжетпес» бұл жолы өз алаңында жұлдызды шағының ағып кеткенін аңғартып қойды. «Астана-Аренада» алаң иелерін аямай ұтқан көкшетаулықтар бұл жолы қаскелеңнің «Сұңқар» командасына жеңіліп қалды. Мергендер көшіне бес гол соғып ілесе жөнелген Реваз Чегалашвилиге Көкшетау қаласындағы алаңның сапасы кедергі келтіріп жүрген сияқты. Әйтпесе, чемпионаттағы үшінші хет-триктің авторы өз білгенінен жаңылды дей алмаймыз. «Сұңқармен» өткен ойында көкшеліктерді ұпай алады деп ойлаған болатынбыз. Дегенмен, Догадайло жасақтаған команданың құрылымын өзгертіп, жаңадан ойын жасау оңай шаруа емес екен. Ел біріншілігіндегі аутсайдер деген атағына лайықты нәтиже көрсеткен «Оқжетпесті» осы күні жұртшылық «ұпай таратушы» деп атап жүр. Осипчук қақпасына екі мәрте гол соққан аргентиналық легионер Родригес болды.   «Тобыл» — «Кайсар» 2:0 (1:0) Голдар: Жұмасқалиев 23, Жолшиев 51 Ескертулер: Жұмасқалиев 82 — Црногорац 60, Малков 60, Балтаев 62 «Тобыл»: Рихард, Джоннес, Богданов, Бугаев, Шливич, Жұмасқалиев, Волков, Кислицын, Головской (Концевой 78), Костюк (Қуантаев 80), Жолшиев (Малышев 89) Қосалқы ойыншылар: Петухов, Нургалиев, Лотов, Дуплякин «Кайсар»: Джоджо, Абдулин, Малков, Црногорац, Шмаков (Молдақараев 63), Эсатов, Балтаев, Анарметов, Вагнер, Сытник (Нарзілдаев 73), Тағыберген (Сағындықов 79) Қосалқы ойыншылар: Прядкин, Стахив, Кашкавал, Сыздыков Төрешілер: Пасько (Алматы), Текиев, Журавлев (екеуі де — Павлодар) 29 сәуір. Затобольск. «Затоболец». 3000 көрермен   «Атырау» — «Астана» 1:0 (1:0) Гол: Родионов 15 (1:0) Алаңнан қуылған: Мұхтаров 90. «Атырау»: Бойченко, Чуреев, Тркуля, Джонатас, Данилюк, Миланкович, Семенов, Родионов, Бикеев, Буач, Шафф, Қосалқы ойыншылар: Плотников, Сейикалиев, Нивалдо, Шалекенов, Фомин, Азовский, Самченко. «Астана»: Эрич, Рожков, Мұхтаров, Бейсебеков, Лазаревски, Қонысбаев, Бодионг, Котевоама, Шахметов, Нөсербаев, Остапенко Қосалқы ойыншылар: Төлебаев, Петрониевич, Дика, Гридин, Әлиев, Горячий, Прокопенко. Төрешілер: Игорь Хисамутдинов (Павлодар), Олег Малышев (Қостанай), Роман Прилепов (Қарағанды) 29 сәуір. Атырау. «Мұнайшы». 3000 көрермен.     Премьер-лига. 8-турден кейінгі жағдай  

О

Ұ

Т

Ұ

Д

Ұ

1

«Ақжайық»

8

6

1

1

16 - 6

19

2

«Тобыл»

8

5

2

1

17 - 9

17

3

«Шахтер»

8

5

1

2

14 - 6

16

4

«Тараз»

8

5

0

3

8 - 8

15

5

«Ертіс»

8

4

2

2

16 - 8

14

6

«Ордабасы»

7

3

3

1

10 - 6

12

7

«Ақтөбе»

8

3

2

3

9 - 6

11

8

«Атырау»

8

3

2

3

9 - 10

11

9

«Қайрат»

8

3

2

3

8 - 10

11

10

«Сұңқар»

8

2

3

3

4 - 8

9

11

«Астана»

7

2

1

4

9 - 13

7

12

«Жетісу»

8

2

0

6

10 - 19

6

13

«Қайсар»

8

1

1

6

7 - 15

4

14

«Оқжетпес»

8

1

0

7

7 - 20

3

 

Мергендер

М

Г (П)

1

Жолшиев Бауыржан «Тобыл»

7 (0)

2

Юнузович Эдин «Жетісу»

5 (0)

3

Чагелишвили Давид «Оқжетпес»

5 (0)

  IX тур 6 мамыр (жексенбі) 57. Астана – Шахтер 58. Сұңқар – Атырау 59. Қайсар – Оқжетпес 60. Ақтөбе – Тобыл 61. Жетісу – Ертіс 62. Тараз – Қайрат 63. Ордабасы – Ақжайық   Статистика 8-турда 14 гол соғылды. Оның 8 голын легионерлер соқты. Биылғы біріншіліктегі әзірге ең жылдам голды осы турда Якуб Хлебоун соқты. Ол 3-минутта «Тараз» қақпасына гол соғып, «Ақжайықты» алға жетеледі. «Оқжетпес» өз алаңында жеңіске жетпеген жалғыз ұжым. «Қайрат» біріншіліктегі ойыннан салған алғашқы голын енгізді. Өз алаңында ұпайдан шашау шығармаған жалғыз команда бар. «Тобыл» барлық кездесуде жеңіске жеткен.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×