"Шахтер" Қазақстан Премьер-лигасының 24-турында "Каспийден" басым түсті. Матч Қарағандыдағы "Шахтер" стадионында өтіп, 1:0 есебімен аяқталды.
Ойындағы жалғыз әрі жеңісті гол 73-минутта соғылды. Әріптесінен пас алған Идрис Умаев "Каспий" қақпасына қос бірдей соққы бағыттады. Бірақ Марко Милошевич екеуін де қайтара білді. "Ер кезегі - үш" дегендей, ресейлік шабуылшы үшінші соққысымен қақпашыдан айласын асырды.
Бұл жеңістен кейін Магомед Адиев шәкірттері 30 ұпаймен "Каспийді" басып озып, сегізінші орынға көтерілді. Ақтаулық клуб 28 ұпаймен бір саты төменде тұр.