Солтүстік Македония ұлттық құрамасының бас бапкері Игорь Ангеловски Қазақстанмен болатын матч туралы өз ойымен бөлісті.
«Бұл көптеген жас ойыншылардан құралған команда. Қазақстан Украинамен жақсы матч өткізіп, 1:1 есебімен тең түсті. Ертеңгі матч біз үшін Бухарестке кетер алдында жақсы дайындық болайын деп тұр.
Стефан Спировскийдің жағдайы жақсы, ол бүгін жаттығу жұмыстарына қатысты және ертең ойнауға дайын. Дәрігерлермен әңгіме барысында біз Ферхан Хасаниді Еуропа чемпионатына дейін толық қалпына келу үшін ертеңгі матчқа шығармау туралы шешім қабылдадық», - деді Игорь Ангеловски матч алдындағы баспасөз мәслихатында.
Естеріңізге сала кетейік, матч ертең Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де басталады.
Біздің серіктес: FONBET