Игорь Бугаев пен Анатолий Дорош Молдава құрамасына шақырту алды

28.10.2011, 20:49
Игорь Бугаев пен Анатолий Дорош Молдава құрамасына шақырту алды
Молдава құрамасы қарашаның 11-жұлдызында сырт алаңда Грузия құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді деп жоспарлауда. Бұл ойынға дайындық он бірінші айдың 7 мен 11 арасында жүргізіледі. Құраманың бас бапкері грузиндерге қарсы ойынға бірнеше ойыншыларды шақытқан. Солардың ішінде, елордалық «Астана» командасының намысын қорғайтын Игорь Бугаев пен Анатолий Дорошта ілініпті. Айта кетейік, Молдава құрамасы қазан айында ғана Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңін аяқтаған болатын. Алты командадан туратын «Е» тобынада өнер косеткен Габи Блинт шәкірттері 9 ұпаймен 5 орынға тұрақтады. Қазақстан біріншілігінде өнер көрсететін Бугаев пен Дорош 10 іріктеу ойынынң 9-на қатысқан. Сол кездесулерде Дороштың қанжығасы екі рет майланса, Бугаев бір нәтижелі гол және бір паспен көзге түскен. Уалихан ҚОСАНБАЙ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×