Игорь Сергеев «Ақтөбеден» кетуі мүмкін

09.06.2021 20:23 ҚПЛ

Өзбекстан құрамасының шабуылшысы «Ақтөбенің» осы маусымдағы ең сәтті трансфері болды.

Игорь Сергеев «Ақтөбеден» кетуі мүмкін

Өзбекстандық "Пахтакордың" спорттық директоры Джафар Ирисметов "Ақтөбе" клубының шабуылшы Игорь Сергеевті клубқа қайтарғысы келетіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды "Championat Asia" порталы.

"Иә, біз Сергеевті жазда командаға қайтару бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ оның "Ақтөбемен" келісім-шарты бар. Біз жағдайды жіті қадағалап отырамыз. Менің ойымша, Игорь - "Пахтакор" үшін ең қолайлы нұсқа", - деді Ирисметов.

Еске салайық, Өзбекстан құрамасының шабуылшысы осы маусымда "Ақтөбе" үшін 14 кездесуге қатысып, 7 гол соқты, сондай-ақ 1 голдық пас берген.

0 пікір