Игорь Сергеев еупопалық клубтардың назарына ілікті

22.06.2021, 03:40
«Ақтөбе» ойыншыны сату арқылы қаржысын көбейтіп алмақ.
Игорь Сергеев еупопалық клубтардың назарына ілікті

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Ақтөбе" мен Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Игорь Сергеевке польшалық және чехиялық клубтар қызығушылық танытуда.

Шабуылшының агенті өзінің жұлдызды клиентіне Еуропадан жаңа клуб іздеуде.

Сергеевтің трансфері туралы алғашқы келіссөздер сәуір айында басталды. Бұқаралық ақпарат құралдарында Өзбекстан ұлттық құрамасының шабуылшысына түрлі клубтардың қызығушылығы туралы ақпарат пайда болды.

Расталмаған ақпаратқа сәйкес, чех және поляк клубтары Сергеевпен келісім-шартқа отыру нұсқаларын қарастыруда. Оның үстіне клубтардың бірі "Ақтөбе" өз көшбасшысын тегін босатудан бас тартса, 75000 еуро төлеуге дайын екен.

"Ақтөбе" футбол клубының айналасында бюджетке қатысты негізсіз ақпараттардың жүріп жатқанын ескерсек, онда клуб басшылығы 28 жастағы шабуылшыны сатып жіберуі мүмкін. Осылайша, ақтөбелік клуб бір оқпен екі қоянды атып алмақ - құрамдағы ең көп жалақы алатын футболшыдан құтылады, сонымен қатар ойыншыны сату арқылы ақша табады. Ресми емес мәліметтер бойынша, өзбекстандық футболшының "Ақтөбедегі" жалақысы айына 19000 долларды құрайды.

Игорь Сергеев Премьер-лигада 15 ойынға қатысып, 7 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×