«Шахтердің» капитаны және Қазақстан құрамасының қақпашысы Игорь Шацкий Премьер-лиганың үшінші турында «Ақсумен» болған ойында (4:2) жарақат алды.
Қарағандылық клубтың қақпашысы допқа талас кезінде «Ақсу» қорғаушысы Али Гаджибековпен, одан кейін әріптестері Роджер Каньяс және Стефан Букорацпен соқтығысты.
Игорьге дереу медициналық көмек көрсетілді, бірақ капитан ойынды жалғастыра алмай, алаңнан зембіл арқылы кетті. Бейресми ақпараттарға сенсек, Шацкийдің миы шайқалған екен.
Оның орнына 87-минутта Егор Цуприков шықты.
Біздің серіктес: FONBET