Игорь Шацкий: «Дайындық жұмыстары жоспар бойынша жүріп жатыр»

30.05.2022, 01:29
«Шахтер» қақпашысына алдағы ойындарда үлкен үміт артылады.
Игорь Шацкий: «Дайындық жұмыстары жоспар бойынша жүріп жатыр»

Қазақстан құрамасының қақпашысы Игорь Шацкий ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында команданың Ұлттар лигасындағы ойындарға дайындығы туралы айтып берді:

– Жаттықтырушылар штабының жоспары бойынша дайындық жақсы жүріп жатыр. Менің ойымша, жаттығу процесінде үлкен өзгерістер болған жоқ. Валерий Леонидович [Ситало] әдеттегідей бізді алдағы ойындарға дайындауда. Алғашқы үш күнде екі түрлі жаттығудан жасадық - біз осы қысқа циклде физикалық тұрғыдан мықты болу үшін функционалдық жағдайымызды жақсартып алдық. Барлық қарсыластарға құрметпен қараймыз. Кейбіреуінен қауіптенеміз десем де болады. Бірақ бәрі жоспар бойынша жүріп жатыр: жаттықтырушылар құрамы өте сауатты талдау жасап, дайындық жұмыстарын керемет өткізуде. Бәрі жақсы болады деп сенемін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×