24 жастағы қазақстандық қақпашы Игорь Трофимец қарағандылық "Шахтермен" келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі
Игорь Трофимец - Ақтөбе футболының тәрбиеленушісі. Ол өзінің кәсіби мансабын 2012 жылы "Ақтөбенің" жастар командасында бастады. Қақпашы Премьер-лигадағы дебюттік матчын 2016 жылы өткізген. Жалпы "Ақтөбе" сапында 36 матчқа қатысқан.
Футболшы 2020 жылдың басында шымкенттік "Ордабасымен" келісім-шарт жасасты. Бірақ команданың үшінші қақпашысына айналған Игорь осы маусымда бірде-бір ойынға қатысқан жоқ.
Біздің серіктес: FONBET