Игорь Зенькович: "Қазақстан құрамасына ойнағым келеді"

03.07.2013, 23:10
Игорь Зенькович: "Қазақстан құрамасына ойнағым келеді"

зенкаЖуырда белорус сайттарының біріне берген сұхбатында қарағандылық "Шахтердің" шабуылшысы Игорь Зенькович: "Беларусь құрамасына шақырту алуым екіталай. Оның үстіне ол жақта құрамаға кіру қиын. Егер де расымен де Қазақстан құрамасына ойнауға ұсыныс жасап жатса, неге азаматтық алып, Қазақстан құрамасына ойнамасқа? Оның үстіне Қазақстан алаңдарында доп тепкеніме де біраз болып қалды. Біраз нәрсені біліп қалдым" - деп мәлімдеме жасаған. Осы сұхбатынан кейін Игорь туралы беларусь жанкүйерлеренің пікірі екіге бөлінді. Бірі "Отанын сатқан опасыз" деген сөздер айтып жатса, екіншілері "Беларусь құрамасына ақыры ойнамайды. Мүмкіндігі аз. Сол себептен Қазақстан құрамасының жейдесін кие берсін" деген пікірлер қаптап кеткен еді. Онсыз да келімсектерге толып жүрген ұлттық құрамамызға тағы бір есім қосылса қалай болар екен?  Бір айта кететін жайт. Игорь Зенькович кезінде "БАТЭ" футбол клубында тәлім алған. Алайда негізгі құрамда ойнай алмаған. Мүмкін сол есесін УЕФА Чемпиондар Лигасының аясында 2-ші іріктеу кезеңіндегі "Шахтер"-"БАТЭ" арасындағы ойындарда барынша тырысып, өзінің бұрынғы командасына өкпе-назын білдіріп, гол салатын шығар.

Руслан БАҚЫТЖАН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×