Игуаин Лондонға ұшып келіпті. "Челси", құтты болсын!

23.01.2019, 23:19
Игуаин Лондонға ұшып келіпті. "Челси", құтты болсын!
Барлығын алдын ала біліп отыратын Sky Sports агенттігінің хабарлауынша бүгін таңертең Милан қаласының әуежайынан Лондонға қарай бет алған ұшаққа Гансало Игуаинде отырыпты. Ол Лондонға келіп медециналық сараптамадан өтуі тиіс. Себебі, "Милан" мен "Челси" клубтары шабуылшы жайында келісімге келіпті. "Ақсүйектер" аргентиналықты жалға алыпты. Бұл трансферді бастаған "Челси" бапкері Маурисио Сарри екен. Ол кезінде "Наполи" бапкері болған кезде Гонсаломен бірге қызметтес болды. Бұл жерде бір қызығы Игуаин осы қазір "Миланда" жалда жүрген еді. Оның трансферлік құқығы түгелімен "Ювентуске" тиесілі. "Миланға" ауысқалы бері ол 6 гол соғып үлгерген болатын. Алдағы шілдеге дейін Игуаин жақсы өнер көрсетсе, "Челси" оны тағы 12 айға жалға алуына болады екен.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×