Икарди келісімге келді

01.06.2020, 00:23
Мауро енді 2024-жылға дейін осы клубта ойнайды.
Икарди келісімге келді

ПСЖ футбол клубының ресми сайты Мауро Икарди мен клуб арасында келісім-шарт жасалғанын мәлімдеді. Енді аргентиналық шабуылшы 2024 жылға дейін ПСЖ намысын қорғайды. 2019 жылдың қыркүйегінде ол "Интер" клубынан ауысып келді. Француз клубы оны жалға алды. 31 ойында Мауро 20 гол, 4 асист жасады. Сұрмерген шабуылшы "Интерге" 2013 жылы келді. Мұнда Икарди 188 ойын өткізіп, 111 гол салды. Ал 2019 жылы бас бапкер ауысып, Антонио Конте Мауроға өзге клуб іздей беруіне болады деп айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×