Илкай Гюндоган: “Вирцті сынайтындар футболды түсінбейді”

15.10.2025, 21:40

Германия құрамасының бұрынғы капитаны Илкай Гюндоган соңғы уақытта сынның нысанасына айналған “Ливерпульдің” жартылай қорғаушысы Флориан Вирц жайлы пікір білдірді. Оның айтуынша, 22 жастағы ойыншыға бағытталған сын әділетсіз әрі шектен тыс.

Илкай Гюндоган: “Вирцті сынайтындар футболды түсінбейді”

“Transfer Sector” басылымына берген сұхбатында Гюндоган Вирцтің ойынын тереңірек талдау қажет екенін атап өтті:

“Флориан кінәлі емес. Ол үшін 125 миллион еуро төленді, сол себепті адамдар керемет нәтижелер күтеді. Бірақ мен статистикаға қарадым. Премьер лигада ешбір ойыншы Вирц секілді көп голдық мүмкіндік жасаған жоқ. Футболды тек гол мен пас арқылы бағалау дұрыс емес, бұл әлдеқайда терең ойын.” — деді Гюндоган.

Тәжірибелі ойыншының пікірінше, Вирц қазір бейімделу кезеңінен өтіп жатыр және оның шынайы әлеуеті әлі толық ашылған жоқ:

“Кімде-кім оның ойынын бағаламаса, демек, ол футболды түсінбейді. Мен сенемін, алдағы айларда Флориан өзінің нақты деңгейін көрсетеді.” — деді ол.

Айта кетсек, Флориан Вирц осы маусымда “Ливерпуль” сапында 10 матч өткізіп, әзірге тек бір нәтижелі пас берген. Сарапшылар оның ойынында тәртіп пен тұрақтылық жетіспейтінін айтады, алайда Гюндоганның қолдауы жас ойыншыға үлкен моральдық серпін беруі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×