Иньеста бапкерлік мансапқа ден қоюы мүмкін

“Барселона” ФК аңыз ойыншысы кешегі өткен “Алтын Доп” рәсімінде бапкер болудағы ниеті бар екенін жеткізді.

Иньеста бапкерлік мансапқа ден қоюы мүмкін

40 жастағы экс-футболшы 2024 жылдың 7 қазанында кәсіби мансабын аяқтаған болатын. 

Айта кетейік, 2022 мен 2018 жылдар аралығында Андрес "Барселона" сапында өнер көрсетті. Каталондық ұжыммен жартылай қорғаушы 9 дүркін Испания чемпионы, 4 дүркін Чемпиондар Лигасы жеңімпазы және 6 мәрте Испания Кубогынде топ жарды.

Иньестаның көмегімен Испания құрамасы 2010 жылғы Әлем чемпионаты финалында Нидерланды командасынан 1:0 есебімен басым түсті. Сол кезде соғылған жалғыз гол Андрес атына жазылды.

Бұған дейін, біздің портал Серджи Бускетстің “Барселона” командасына қызметке орналасатынын жеткізген болатынбыз. 

https://aladop.kz/post/buskets-osy-mausym-sonynda-mansabyn-aiaktaityn-boldy-51936/

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Барселона
Aladop Youtube
×