Иньеста төрт айға қатардан шығып қалды

16.12.2020, 21:44
Иньеста Барселонада ота жасатты.
Иньеста төрт айға қатардан шығып қалды

“Барселонаның” экс, жапониялық “Виссел Кобенің” қазіргі ойыншысы Андрес Иньеста жарақаты салдарынан төрт айға қатардан шығып қалды, деп хабарлайды Marca.

Азия Чемпиондар лигасының 1/8 финалында “Шанхай СИПГ” командасына қарсы ойынның бірінші таймында гол соққанымен, матчтың екінші бөлігінде жарақат алып, кездесуді ерте аяқтауға мәжбүр болды. Дегенмен 1/4 финалда “Сувон Блюуингс” командасына қарсы ойынның 113 минутында алаңға шығып, пенальти сериясында қақпаны дәл көздеп, командасының жартылай финалға өтуіне септігін тигізген еді. Алайда жарақаты “Ульсанмен” жартылай финалдық текетіресте жасыл алаңға шығуға мүмкіндік бермеді.

Осылайша Барселонаға келіп, тізе асты сіңіріне ота жасатты. Ота сәтті өтіп, Испанияда емделіп жатыр.

Андрес ағымдағы маусымда “Виссел Кобе” сапында барлық турнирлерде 34 ойын өткізіп, алты гол соғып, сегіз нәтижелі пас берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×