“Интер” 2:2 “Бавария” жалпы есеп: 4:3

17.04.2025, 09:00

"Интер Милан" өз алаңында "Бавариямен" 2:2 есебімен тең ойнап, жалпы есепте 4:3 нәтижесімен Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты.

“Интер” 2:2 “Бавария” жалпы есеп: 4:3

Алғашқы 45 минут өте шиеленісті өтті, бірақ есеп ашылған жоқ. 

52-минутта Харри Кейн есеп ашты. Бұл оның маусымдағы 13 матчтағы 11-голы болды. Ол Чемпиондар лигасында 21 түрлі қарсыласқа гол соққан алғашқы Ағылшын ойыншысы атанды.
 
58-минутта Лаутаро Мартинес есепті теңестіріп, жалпы нәтижені 3:2-ге жеткізді.

61-минутта "Интер” сапындағы бұрынғы "Бавариялық" ойыншы Бенжамен Павар командасын 2:1 есебімен алға шығарды.

76-минутта Эрик Дайер баспен соққан голымен есепті 2:2-ге жеткізді (жалпы есеп – 4:3, "Интер” пайдасына).

Бұл матч "Баварияның” аңызы Томас Мюллердің Чемпиондар лигасындағы соңғы кездесуі болды.

"Интер Милан" жартылай финалда "Барселонамен” кездеседі.

Айболат Өнер

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×