"Манчестер Юнайтед" ойыншысы Алексис Санчес "Интер" клубында жүргені белгілі. Италиялық клуб өткен жылы бұл футболшыны жалға алды. Енді қазір Чили ойыншысын тағы бір жылға қалдырғысы келіп отыр. Алайда, жалақы мәселесіне келгенде кішігірім ньюанс бар. Алексис жалақыны сәл азайтқанға көнетін болса, онда клубта қалуына болады. Әйтпесе, "Манчестерге" қайтуға мәжбүр болады. Артық салмағынан арылып, ойынға араласа бастаған Санчесті қиын таңдау күтіп тұр.
Біздің серіктес: FONBET