«Интер» екі жаңа ойыншымен келісім-шартқа отырды

15.08.2021, 14:58
Бірі Лукакудың, ал екіншісі Хакимидің орнын басады.
«Интер» екі жаңа ойыншымен келісім-шартқа отырды

"Интер" клубының баспасөз қызметі "Рома" шабуылшысы Эдин Джеконың ауысқанын хабарлады. Форвард 2023 жылдың 30 маусымына дейін жарамды екі жылдық келісім-шартқа қол қойды.

Бұған дейін Джеко Киевтің "Динамосымен" жолдастық кездесу өткізу үшін "Интер" сапында алаңға шығып, гол соққан болатын. Және бұл кезде "Интер" және "Рома" клубтары бұл трансфер туралы ресми мәлімдеме жасамаған еді.

Джеко 2015 жылдан бастап "Рома" клубында доп тепті, оған дейін "Манчестер Сити", "Вольфсбург" және Чехия мен босниялық командаларда ойнады. Өткен маусымда шабуылшы "Рома" жейдесінде 38 матчқа қатысып, 13 гол мен 5 нәтижелі пасты өз еншісіне жазды.

"Интер" ресми сайтында ПСВ мен Нидерланды ұлттық құрамасының қорғаушысы Дензел Дюмфристің командаға қосылғанын хабарлады. 25 жастағы ойыншы төрт жылдық келісім-шартқа қол қойды. Трансфер құны 12,5 миллион еуроны құрады.

Дюмфрис 2018 жылдан бастап ПСВ клубының намысын қорғады, ал оған дейін "Херенвен" мен "Спартада" ойнаған. Өткен маусымда 25 жастағы қорғаушы барлық турнирлерде 41 матчқа қатысып, төрт гол мен тоғыз нәтижелі пастың авторы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×