Өткен түндегі "Интер" – "Қайрат" кездесуі Еуропалық ареналарда Қазақстандық клуб қатысқан матчтардың ішінде ең көп жанкүйер жиналған ойын ретінде тіркелді.
Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші турда өткен "Интер” – "Қайрат” матчын 69 983 көрермен тамашалады. Бұл – Қазақстандық клубтың қатысуымен өткен барлық Еурокубок ойындарының ішіндегі ең жоғары көрсеткіш.
"Сан Сиро” стадионының сыйымдылығы 75 817 яғни аренаның 92 пайызы толы болды.
Осыған дейін көрермен саны бойынша көш бастаған матчтардың төртеуі Шотландияның "Селтик” клубына қарсы Глазгода өткен кездесулер еді.