«Интер» клубы «Аталантамен» футболшы алмасқысы келеді

16.12.2020, 17:56
Гомес күні кеше жанкүйерлерге клубтан кету туралы үндеу жасаған еді.
«Интер» клубы «Аталантамен» футболшы алмасқысы келеді

"Интер" командасы өз футболшысы Кристиан Эриксенді "Аталанта" ойыншысы Алехандро Гомеске айырбастауға дайын екендіктерін білдірді, деп хабарлайды Football Italia Corriere della Sera-ға сілтеме жасап.

"Аталантаның" 32 жастағы аргентиналық жартылай қорғаушысы Гомес жақын арада клубтан кетуі мүмкін. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, аргентиналық футболшы мен "Аталанта" командасының бас бапкері Джан Пьеро Гасперини арасындағы жанжал Гоместің кетуіне басты себеп ретінде қарастырылуда.

Tuttomercatoweb-тің хабарлауынша, "Аталанта" Гоместі сатудан ең көп дегенде 10 миллионнан 15 миллион еуроға дейін ақша таба алады. "Интер", "Милан" және "Наполи" ойыншыға қызығушылық танытып отыр, бірақ Бергамодан келген клуб жартылай қорғаушыны тікелей бәсекелестеріне сатқысы келмейді.

Сондай-ақ, "Интер" қысқы трансферлік терезе кезінде бірнеше ойыншымен қоштасуды жоспарлап отырғаны белгілі болды. Ойыншылар тізімінде Матиас Весино, Раджа Наингголан, Кристиан Эриксен және Андреа Пинамонти бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×