«Интер Майами» бразилиялық шабуылшыға ұсыныс тастады

23.11.2020, 21:53
Давид Бэкхэм клубын нығайту үшін үлкен қаржы бөлуге дайын.
«Интер Майами» бразилиялық шабуылшыға ұсыныс тастады

«Шанхай СИПГ» клубының 34 жастағы шабуылшысы Халк мансабын МЛС-те жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Todo Fichajes.

Дереккөздің хабарлауынша, футболшының қызметіне Англияның бұрынғы капитаны Давид Бекхэм иелік ететін «Интер Майами» клубы қызығушылық танытып отыр. Клуб бразилиялыққа ұсыныс жасап үлгерді.

Бұған дейін шабуылшыға «Зениттің» көз тігіп отырғаны туралы хабарланған болатын. Ресейлік клуб бразилиялықпен келісімшарт жасасуға дайын, оның шартына сәйкес футболшы жылына 3 миллион еуро алады.

«Порту» да Халкты қайтаруға тырысып көреді, бірақ португалиялық клубтың бұл ұсынысы шабуылшының көңілінен шықпаған секілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×