
АҚШ-тың “Интер Майами” клубының 18 жастағы қақпашысы Дмитрий Торубара командадағы әлемдік жұлдыздар – Лионель Месси, Луис Суарес, Серхио Бускетс және Жорди Альбалардың клуб ішіндегі қарапайым өмірі мен қарым-қатынасы туралы айтып берді.
“Бускетс, тұйықтау адам. Бірақ өте мейірімді, сыпайы. Таңғы ас пен түскі ас кезінде әрқашан амандасып жүреді. Барлығы өте тәрбиелі. Біз ешқашан “мен “Барселонада” ойнадым, сенен мықтымын” деген көзқарасты сезінген емеспіз. Олар — нағыз командалық ойыншылар, жастарға да жақсы қарайды. Біз жақын достар болмасақ та, әрқашан амандасып, сөйлесеміз. Олардан “жұлдыз ауруы” мүлде байқалмайды.
Жорди Альба – ұжымның нағыз жүрегі. Жас ойыншылармен де, ересектермен де, Америкалықтармен де әзілдесіп жүреді. Жаттығудан кейін қалып та жатады. Қысқасы, команданың көңілін көтеретін, бәрімен араласатын жігіт.
Месси жайлы сіздер бұған дейін де естіген боларсыздар, ол “Барселонада” жүрген кезінен бастап-ақ тұйық болған. Ол клубта таңғы немесе түскі ас ішпейді, жеке дәрігері мен физиотерапевті бар. Яғни ол сәл бөлек жүреді. Бірақ жаттығу кезінде барлығымен бірге жұмыс істейді, араласады. Өте сыпайы. Суарес де дәл сондай. Қалай дұрыс жеткізерімді білмеймін, бірақ ол ешқашан амандаспай кеткен емес. Өте қарапайым, достық қарым-қатынаста. Кішіпейілділік барлығында да бар.
Месси фотоға түсуге өте сабырлы қарайды. Ол ешқашан ешкімге бас тартып жатқанын көрмедім. Оның қасында миллиондаған күзетші жүгіріп жүрмейді. Бірақ әрқашан бір қауіп төндіретіндей көрінетін оққағары бар. Сіз де оны көрген боларсыз. Барлық клуб содан қорқатын шығар. Оған Қарасаң – “Мессиге жақындауға бола ма, жоқ па?” деген ой келеді.
Месси клубқа алғаш келгенде бізге бірден айтты: “Ол да осы жерде жұмыс істейді. Үйінде, стадионда оны онсыз да фанаттар күтіп тұрады, сондықтан сіздер фото сұрап мазаламаңыздар.” Біраш бұл қиын ғой. Месси сенің көзіңнің алдында екі метр жерде тұрса – фото сұрамау мүмкін емес. Бұл – автоматты рефлекс сияқты. Әрине, мен де сыпайы түрде сұрадым – ол келісті.” – деді Торубара.
Біздің серіктес: FONBET