«Интер» Маркос Алонсоны сатып алмақ

25.12.2019, 22:00
«Интер» Маркос Алонсоны сатып алмақ

Миланның «Интері» қысқы трансфер кезінде «Челси» қорғаушысы Маркос Алонсоны сатып алғысы келеді деп хабарлайды La Gazzetta dello Sport.

Бұл трансфердің жүзеге асуына оң ықпал ететін бір жайт бар. Кезінде Антонио Конте Лондон ұжымын жаттықтырған кезде «Фиорентина» сапынан испаниялық футболшыны аттай қалап алдырған болатын. Енді «нерадзурри» тізгінін қолға алған Конте Алонсоны өз командасынан көргісі келеді.

Дегенмен «Челси» қорғаушы үшін кемі 40 млн. фунт сұрауы әбден мүмкін. Алайда Италия клубы бұл қаржыны көпсінуі ықтимал.
Маркос Алонсо биыл 14 ойында өнер көрсетіп, 1 гол салған және 3 нәтижелі пас берген. Келісім-шарты 2023 жылға дейін жарамды.

Ертеректе футболшыны Мадридтің «Атлетикосы» жалға алуы мүмкін деген ақпарат шыққан еді.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×