«Интер» мерзімінен бұрын Италия чемпионы атанды

03.05.2021, 05:43
«Интер» тарихында 19 рет Италия чемпионы атанған.
«Интер» мерзімінен бұрын Италия чемпионы атанды

А сериясының 34-турында "Аталанта" "Сассуоломен" тең ойнады. Бергамолық клуб 69 ұпаймен А сериясының турнирлік кестесінде екінші орынға жайғасты. Осылайша, Гасперини шәкірттері бірінші орында тұрған Миланның "Интеріне" (82 ұпай) жететін математикалық мүмкіндіктерін жоғалтып алды. Бұл дегеніміз, "Интердің" 2020/2021 жылғы маусымда мерзімінен бұрын А сериясының чемпионы болғанын білдіреді.

"Интер" туриндік "Ювентустың" Италия чемпионатындағы гегемониясын бұзды. "Қарт синьора" соңғы тоғыз маусым бойы чемпион атанған болатын. 2011 жылы "Милан" Италия чемпионы болды, содан бері "Ювентус" А сериясындағы көшбасшылықты қолына алды және туриндік клубты 2020/2021 маусымда ғана Антонио Конте жаттықтыратын "Интер" тақтан тайдырды.

Айта кету керек, "Интер" 19-шы рет Италия чемпионы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×