“Интер Милан” Италия клубтары арасындағы рекордты жаңартты

10.05.2025, 08:30

2024/2025 жылғы маусымда Интер Милан УЕФА Чемпиондар Лигасында 132 миллион еуро табыс тапты. Бұл сома — Италия клубтары тарихында Еурокубоктардан түскен ең жоғары қаржылық көрсеткіш болып тіркелді.

“Интер Милан” Италия клубтары арасындағы рекордты жаңартты

Егер "Интер" финалдық ойында жеңіске жетсе, клуб тағы да 10,5 миллион еуро көлемінде жеңіс сыйақысын алады.

Осылайша жалпы табысы 142,5 миллион еуроға дейін өседі.

Бұған дейін Италия командалары арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш — 2022 жылы финалға шыққан "Ювентус" клубына тиесілі еді (шамамен 120 млн еуро).

"Интер" биыл бұл рекордты жаңартып отыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×