Иран құрамасының футболшысы мансабын Грекияда жалғастыратын болды.
Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, миландық команда өз шабуылшысы үшін 2,5 млн еуро алады. Тареми бүгін жаңа командасымен келісімге келуі тиіс.
Еске салсақ, Мехди 2024 жылы “Интердің” ойыншысы атанған болатын. Өткен маусымда шабуылшы Италия А Сериясында 26 матч өткізіп, 1 гол соқты.
Айта кетейік, Таремиге Грекия чемпионынан бөлек, “Парма”, “Вердер” және “Панатинаикос” клубтары ұсыныс жасаған екен. Алайда ирандық тандауы Чемпиондар Лигасы қатысушысы “Олимпиакосқа” түсіпті.
“Интер” мен “Олимпиакос” ұжымдары “Қайраттың” Чемпиондар Лигасындағы қарсыластары.