“Интердің” бұрынғы шабуылшысы Арнаутович “Црвена Звезда” клубына ауысты

22.07.2025, 14:00

Австриялық шабуылшы Марко Арнаутович Сербияның "Црвена Звезда" командасының ойыншысы атанды.

“Интердің” бұрынғы шабуылшысы Арнаутович “Црвена Звезда” клубына ауысты

36 жастағы шабуылшы 2025 жылдың маусым айында Италияның "Интер” клубынан кеткен соң, еркін агент мәртебесінде болған. Өткен маусымда Арнаутович Миландық команда сапында барлық турнирде 28 матч өткізіп, 7 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.

Бұған дейін Арнаутович Италияның "Болонья", Англияның "Вест Хэм” және "Сток Сити", Германияның "Вердер” және Нидерландияның "Твенте” клубтарында ойнаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×