“Интерге” қарсы ойында қанжығасын майлаған Израильдік ойыншы Еуропада доп теппек

14.01.2026, 19:00

Алматылық "Қайраттың" соңғы маусымдардағы негізгі ойыншыларының бірі, жартылай қорғаушы Офри Арад мансабын Румынияның ең танымал клубында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды, Aladop.kz.

“Интерге” қарсы ойында қанжығасын майлаған Израильдік ойыншы Еуропада доп теппек

Legalbet.kz мәліметінше, 27 жастағы футболшыны Бухаресттің "ФКСБ" (бұрынғы "Стяуа") клубы өз сапынa күтіп отыр.

Трансфердің егжей-тегжейі

Офри Арадтың "Қайратпен" келісімшарт мерзімі аяқталғандықтан, ол Румыниялық ұжымға тегін (еркін агент ретінде) ауысады. 

Румыниялық клуб Арадты қызықтыру үшін келесі шарттарды ұсынған:

• Қомақты жалақы

• Келісімшартқа қол қойғаны үшін берілетін арнайы бонус (lifting bonus).

Офри Арадтың "Қайраттағы” жолы

Израильдік жартылай қорғаушысы Алматы клубында 2023 жылдан бері өнер көрсетті. Бастапқыда Хайфаның "Маккабиінен" жалға алынса, 2024 жылдан бастап "Қайраттың" толыққанды ойыншысына айналды.

Арад өткен ҚПЛ маусымында 23 матчқа қатысып, 4 нәтижелі пас берді. Ал, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде 4 ойын өткізіп, атақты Миландық "Интердің” қақпасына гол соққан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×