Инвестор табылды – Елордалық клубтың жаңа кезеңі басталмақ

03.12.2025, 21:45

Бірнеше күн бұрын ғана негізгі қаржылық тірегінен айырылып, болашағы белгісіз күйде қалған "Астана" қайта тыныс алды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Инвестор табылды – Елордалық клубтың жаңа кезеңі басталмақ

Клуб басшылығы командаға жаңа демеуші тапты. Ресми ақпарат алдағы аптада жарияланады.

Бұған дейін белгілі болғандай, команданың ұзақ жылдар бойы басты демеушісі болып келген "Самұрық-Қазына ҰӘҚ" АҚ келесі маусымнан бастап клубты толықтай қаржыландыруды тоқтату жөнінде шешім қабылдаған еді.

Өткен маусымның өзінде қор "Астанаға” 3 миллиард теңгеден астам қаражат бөлген. Алайда бұл қолдау "Самұрық-Қазынаның” клубқа жасаған соңғы ірі құйылымы болып қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Масқара 4
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×