Испания чемпионатының 15-тур аясындағы “Вильярреал” мен “Атлетик Бильбао” арасындағы кездесуде Иньяки қатарынан 172-ші ойынына қатысып, бұл көрсеткіш бойынша атақты Альфредо ди Стефаноны артқа қалдырды.
Альфредо 1953-1959 жылдар аралығында қатарынан 171 матчқа қатысқан еді.
26 жасар “Атлетиктің” шабуылшысы 2016 жылдың сәуірінен бері чемпионаттағы барлық ойында жасыл алаңға шығып келеді.
Бұл көрсеткіш бойынша рекордсмен Хуан Антонио Ларраньяге болып саналады. Ол 1980-1994 жылдар аралығында “Реал Сосьедад” сапында қатарынан 202 матчқа қатысқан.
”Вильярреалмен” тең ойнаған “ақ-қызылдар” 15 ойыннан кейін 18 ұпай еншілеп, тоғызыншы орынға жайғасқан. Ал Уильямс 15 ойында үш гол соғып, екі нәтижелі пасымен көзге түскен.
Біздің серіктес: FONBET