Иньяки Уильямс Ла Лигада тарихи рекорд орнатты

02.10.2021, 15:40
Жарақат дегеннің не екенін білмейтін футболшы бұл жолы да 90-минут ойнады
Иньяки Уильямс Ла Лигада тарихи рекорд орнатты

Испания чемпионатының 8-турында "Атлетик Бильбао" өз алаңында "Алавесті" қабылдады. Матч 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Кездесудегі жалғыз голды Рауль Гарсия соқты.

Бұл кездесуде Уильямс "Реал Сосьедад" сапында чемпионатта қатарынан 202 кездесу өткізген Хуан Антонио Ларраньяганың рекордын жаңартты. Уильямс 2016 жылдың сәуірінен бері өз командасы үшін барлық матчтарға қатысып келеді (203 матч). Жарақат дегеннің не екенін білмейтін футболшы бұл жолы да 90-минут ойнады.

Испаниялық футболшы осы маусымда Ла Лигада 8 ойын өткізіп, 2 гол соқты. Ал оның командасы 13 ұпаймен турнирлік кестеде алтыншы орынға табан тіреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×