Азия кубогін биыл Иордания алатын секілді. Осыдан біраз уақыт бұрын, жарыс басталмай тұрып, әлдекім «жартылай финалда Иорданиялықтар Оңтүстік Кореяның қақпасына жауапсыз екі гол салады» десе оған «есің дұрыс па?» деуші едік қой. Ойлаңыздаршы, бір ғана Сон хын миннің трансферлік құны бүкіл Иордания құрамасынан асып түседі екен.
Футболда барлығы ойыншының нарықтағы бағасымен өлшенбейді дерсіз. Бірақ, Азия ғана емес, әлемдік деңгейдегі ортаңқол команда дәрежесіне көтеріліп қалған корей құрамасымен мен иорданияны қатар қою ақылға симайтын жайт қой. Давид пен Голиафтың шайқасы болды. Хусейн Аммуттың командасы енді бүгін Иран мен Қатардың матчын ерекше күтеді. Осы екеудің бірі Иорданиямен финалда жолықпақ.
Біздің серіктес: FONBET