32 жастағы қақпашы елордалық клубта аялдап қалмайтын болыпты.
Хорватиялық қақпашы “Астана” сапында 2023 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Зриньски Мостар клубынан ауысвп келген Чондрич Қазақстан ұжымында 76 матч өткізіп, өз қақпасына 81 гол жіберді. Біздің елімізде Йосип 2022/23 жылғы маусымда Қазақстан Кубогы мен 2023/24 жылғы маусымда Лига Кубогы жүлдесіне қол жеткізді.
32 жастағы қақпа қорғаны өз мансабында “Загреб”, “Тресньевка”, “Бистра”, “Рудеш”, Истра, “Ротор” Волгоград, “Зриньски” және “Астана” клубтарында өнер көрсетті.
Осы жылдың соңында Чондричтің “Астанадағы” келісім шарты аяқталады. Елордалық команданың айына 12 млн теңге алатын қақпашымен ары қарай жұмыс жасауға ниеті жоқ.