Лука Йович
"Реалда" ойнап жарытпаған Лука Йович грек чемпионатын бағындыруға аттанды.
Лука Йович ресми түрде гректің АЕК клубының ойыншысы атанды.
Ол еркін агент ретінде команданы толықтырды — шабуылшының «Миланмен» келісімшарты аяқталған болатын. АЕК-ті бұрын ЦСКА-ны жаттықтырған серб маманы Марко Николич басқарады.
БАҚ мәліметінше, Йович пен АЕК арасындағы келісімшарт 2 жылға есептелген. Өткен маусымда серб футболшысы А сериясында «Милан» сапында 15 ойын өткізіп, 2 гол соққан.