Ираклий Бугридзе “Қызыл-Жар” ойыншысы атанды

12.02.2024, 19:34
Ираклий Бугридзе “Қызыл-Жар” ойыншысы атанды

 

Петропавлдық “Қызыл-Жар” 26 жастағы грузин жартылай қорғаушы Ираклий Бугридземен келісімге келгенін хабарлады, деп жазады Аладоп.кз.

Ираклий “Динамо” Тбилиси командасының түлегі. Ол өз мансабында «Локомотив», «Чихура» және «Дила» клубтарында доп тепкен. 

Одан тағысы, Бугридзе бельгиялық “Беерсхот” командасында өнер көрсетіп, шетелдік клубтан мол тәжірибе жинақтап келді. Сөйтіп ол соңында “Торпедо” Кутаиси сапын толықтырып, КЛ 4 ойынында 2 рет ерекшеленді. Соққан голдарының біреуі “Ақтөбе” командасының қақпасына кіргенін айта кетейік.

 

Жалпы “Торпедо” үшін Ираклий жалпы алғанда 64 матч өткізген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

ҚПЛ
Серіктес жаңалықтары
×