Ирландияға қарсы ойынға дайынбыз ба?

18.08.2012, 05:23
Ирландияға қарсы ойынға дайынбыз ба?
«Бір-бірін жақсы танып, өзара етене араласатын футболшылар аса тартысқа бара қоймайды. Әрі жолдастық кездесу бол­ған­дықтан жарақат алып қалудан қашады» дегенді алға тартқандар көп болған. Тіпті «легионерлер ойынды бере салады, келі­сіліп қойылған», деп матч тағдырын алдын ала шешіп қойған «сәуегейлер мен бақ­сы­лар» да көбейіп кетті.

«Соңғы сынақ бәрінен ауыр» демеуші ме еді?! Сол рас екен. 2014 жылғы әлем чемпионаты іріктеу додасының қарсаңында соңғы жолдастық кездесуін өткізген футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы қанша тырысса да, премьер-лига легионерлерін жеңе алмады. Қазақстан – Легионерлер 2:2 Голдар: Шабалин, 9. Нұрдәулетов, 81-пен. — Юнузович, 58. Каньяс, 86. Ескертулер: Нұрдәулетов, 83 – Каньяс, 70, Мвесигва, 81. Қазақстан: Сидельников (Логиновский, 46), Энгель (Гурман 46), Мұхтаров (Дмитриенко), Рожков, Киров, Шабалин (Шомко), Мұжықов (Қонысбаев), Нөсер­баев (Исламхан), Нұрдәулетов, Коробкин (Шахметов), Остапенко (Гридин). Легионерлер: Эрич, Мвесигва, Мехмедович, Джидич (Василевич), Лазаревски (Арури), Касьянов (Вичюс), Диакате (Говедарица), Семлер, Кетевоама (Арсеньевич), Чагелешвили (Юнузович), Зенькович, (Каньяс). Резерв: Гильерме. Төрешілер: Салий (Өскемен), Васютин, Тергеусізов (екеуі де – Алматы). 15 тамыз. Алматы. Орталық стадион. 15 000 көрермен. Ойын алдында бұл матчтың тартысты өтетініне күмәнданғандар көп болған. «Бір-бірін жақсы танып, өзара етене араласатын футболшылар аса тартысқа бара қоймайды. Әрі жолдастық кездесу бол­ған­дықтан жарақат алып қалудан қашады» дегенді алға тартқандар көп болған. Тіпті «легионерлер ойынды бере салады, келі­сіліп қойылған», деп матч тағдырын алдын ала шешіп қойған «сәуегейлер мен бақ­сы­лар» да көбейіп кетті. Алайда Алматыға жеңі­лу үшін келмегенін легионерлеріміз бірден аңғартты. Рас, бастапқыда аздап алаңға үйренісе алмай, тізгінді ұлттық құ­ра­ма жігіттеріне беріп қойды. Соның ар­қа­сында сол қапталдан Сергей Остапен­ко­ның әуелете асырған пасына бірінші болып жеткен Павел Шабалин 9-минутта-ақ Мирослав Беранек командасын алға шы­ғарған. Оның алдында да Қазақстан құ­ра­масы бірнеше қауіпті шабуылдар ұй­ым­дастырып, легионерлерді тығырыққа тіре­ген. Қақпашы Ненад Эричтің жанкеш­тілігінің арқасында ғана алғашқы минуттарда есеп ашылмады. Әйтпесе Мұжықов, Нөсербаев, Нұрдәулетов бастаған жігіттер бір емес, екі-үш голдың басын қайырар еді.

– Біздің бұл матчқа дайындалуға уа­қытымыз мүлдем болған жоқ. Жігіттердің келгені кеше ғана. Бір сағат алаңда жат­тығу жасасақ, бір сағат теориялық дәріс өткіздік. Бұл не болады? Негізі, команда апталап, тіпті айлап дайындық жүргізіп жатады. Ал біз легионерлердің бастарын бір күнде қоса салдық. Жігіттердің матч басында бірін-бірі түсінбей жатқандары сондықтан. Егер дайындыққа тағы біраз уақытымыз болғанда, ойынымыз мүлдем басқаша болар еді, – деп түсіндірді шәкірт­терінің матч басында тізгінді қолдарынан шығарып алғанын Легионерлер құрама­сының бас бапкері Виктор Кумыков. Бірақ көп ұзамай-ақ, ақ жейделі жігіттер жасыл алаңды еркін билей бастады. Әсіресе шабуыл шебінің сол қапталына орналасқан Борут Семлер көсілді. Секіріп те, құлап жатып та пас беріп үлгеретін сло­вениялық саңлақ қорғаушыларымызды әбден састырды. Тіпті бір рет гол соғуға жақын болған. Алайда баспен ұрған добы қақпа маңдайшасынан кері серпілді. Сон­дай-ақ шабуылға жақын орналасқан Ор­талық Африка Республикасының өкілі Фокси Кетевоама да сәт сайын алға атойлаумен болды. Оның пастарынан кейін Давид Чегилишвили гол соғуға шақ қалса, Игорь Зеньковичтің соққысын қақпашы Сидельников әзер қайтарды. Сөйтіп, бірінші тайм 1:0 есебімен аяқталды. Ал екінші тайм­да құрамаларын тең жартысын ал­мас­тырған командалар мүлдем өзгеріп сала берді. Бұл бірінші ретте легионерлерге қатысты. «Шахтер» сапындағы төрт ой­ыншысы бірден алаңға шыққандықтан ба, аздап түсіністік те пайда болды. Соның ар­қасында «жетісулық» Эдин Юнузович те ес­епті теңестіріп кетті. Есеп осылай 1:1 есебімен тең аяқталар ма еді, бірақ ойынның аяқталуына он минуттан сәл ғана астам уақыт қалғанда бас төреші Павел Салий қолын соза нүктеге қарай жүгірді. Сөйтсек, Ұлан Қонысбаев­тың баспен асырған пасын қабылдау сәтте угандалық қара маржан Эндрю Мвесигвамен соқтығысып қалған Валерий Коробкин айып алаңына жалпасынан құлапты. Пенальтиді ұлттық құрама капитаны Қай­рат Нұрдәулетовтің өзі орындады. Нұр­дәу­летовпен бірге «Астанада» ойнай­тын­дықтан, Эрич командаласының сырын бі­леді екен. Доптың ұшу бағытын дәл тапты. Бірақ қолы сәл ғана жетпеді. «Ұлттық құрамаға жеңіс әперген пенальти» деп ай­дар тағып үлгергенімізше бол­ған жоқ, айып соққысынан кейін қор­ғау­шы Виктор Дмитриенкодан алдын ораған колум­биялық Роджер Каньяс тағы да есепті тең­естіріп кетті. Рас, ұлттық құра­ма­мыз бұдан кейін де гол соққан. Бірақ Сергей Гридин­нің офсайдта қалғанын анықтаған қаптал­дағы төреші бұл допты есепке алған жоқ.
  Мирослав БЕРАНЕК, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері: – Өте қызықты ойын болды. Бастысы, көрермендерге шоу сыйлай білдік. Әрі командамның да кемшіліктерін біле алдым. Енді қыркүйек айының басында өте­тін Ирландияға қарсы кездесуде осы қате­ліктерге жол бермеуге тырысамыз.  Виктор КУМЫКОВ, Легионерлер құрамасының бас бапкері: – Жолдастық кездесу ғой деп қарамай, легионерлердің бұл ойында барын сал­ған­дары үшін ризамын. Олар өздерінің ға­на емес, Қазақстанда ойнайтын бүкіл ле­гионерлердің намысын абыроймен қор­ғады. Мұндай командамен Еурокубокта да жақсы нәтижеге жетуге болады. Ал Қа­зақстан құрамасына келер болсам, бүгін бас команда жақсы ойнады. Өз тарапымнан ешқандай да кемшілік көрген жоқпын. – Легионерлер сапында ойнаған футболшылар алдағы уақытта «Шахтерде» өнер көрсетіп қалуы мүмкін бе? – Әлбетте, маған ұнаған ойыншылар бар. Бірақ есімдерін атай алмаймын. Өйт­кені менің қызығатынымды білсе, ертең ол футболшының клубы жалақысын өсіріп жіберуі мүмкін. Не болмаса, жаңа келісімшарт ұсынып қоюы да ғажап емес. Юсуп ШАДИЕВ, ардагер футболшы: – Өте қызықты матч болды. Қырғызстан секілді ұлттық құрамалармен жолдастық кездесу ұйымдастырғанша, Легионерлерден құралған командамен ойнаған әлде­қайда тиімдірек. Рас, легионерлерде аздап түсіністік болмады. Бірақ мұндай матчты ұйымдастырудың жақсы идея болға­нына көзіміз жетті.
 

Әзиз ЖҰМАДІЛ

алаш арена

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×