«Краснодар» ойыншысы бразилиялық жартылай қорғаушы Исаэл екі аптадан соң «Атырау» клубымен келісім - шарт жасасуы мүмкін. «Мұнайшылардың» бас бапкері Анатолий Юревич бұл футболшыға қызығушылық білдіріп отыр. 26 - жасар Исаэл да Силва Барбоза бразилиялық «Гремио», «Спорт Ресифи», «Коротибу», «Форталезу» және «Сан Каэтано» клубтарында өнер көрсеткен. Сонымен қатар, Исаэл түркиялық «Гиресунспор», португалиялық «Насьонал Мадейра» клубтарында ойнаған. 2013 жылдан бастап «Краснодардың» ойыншысы атанды. Ресей чемпионатында 13 ойын өткізіп, соның екеуінде негізгі құрамда алаңға шыққан. Еншісінде 1 гол бар. Футболшы жақын арада «Атырау» командасына жалға ауысып келмекші.
Сурет: Sports.kz
Абылайхан ЖҰМАШ
КПЛ-ға тиімді ставкалар мен арнайы акцияларды FONBET ұсынады – Қазақстандағы ең үздік VIP-бағдарламасы бар букмекер. Жаңа клиенттерге осы сілтемемен, ALADOP промокоды арқылы тіркелгенде, FONBET алғашқы шотты толықтырғаны үшін 200 000 теңгеге дейін бонус береді: http://www.fonbet.kz/s/21Xe9a