25 жастағы Швед шабуылшысы Александр Исак "Ньюкаслмен" бірге Азияға бармаған еді. Ресми түсіндірмеде оның жарақатына байланысты делінген. Алайда, командасы сапарға кеткен соң, Исак медициналық тексерістен өтіп, оның ешқандай жарақаты жоқ екені анықталды.
Бұл жағдай Исак пен оның агенті алдын ала келісе отырып, Англияда қалып, “Ливерпульмен” келіссөз жүргізуге жақын болу, сонымен қатар “Ньюкаслға” қысым көрсету мақсатында жасалған әрекет деген болжам тудыруда.
Жарақатсыз екені анықталғаннан кейін Исак “Ньюкаслдың” базасына емес, өзінің бұрынғы клубы “Реал Сосьедадтың” жаттығу алаңына барып жаттығуын бастаған.
“Ливерпуль” Исакты сатып алу үшін 110 миллион фунт стерлинг ұсынған. Алайда “Ньюкасл” бұл ұсынысты қабылдамаған.
“Ньюкасл” бапкері командасымен бірге Сеулде оқу-жаттығу жиынын өткізіп, елге қайтар жолда Исактың бұл әрекеті туралы және оның жаттығуларға қатысуы жөніндегі сұрақтарға жауап берді.
“Ол бізбен бірге жаттығуға қатысу құқығын өзі еңбек етіп, қайтарып алуы керек. Біз — “Ньюкаслмыз”. Бұл ойыншы клубпен келісімшартқа отырған, яғни өз міндетін сезініп, соған сай әрекет етуі тиіс.” – деп қатаң мәлімдеді бапкер.