Qazaqstan Football League дәстүрге сәйкес, өткен айдың үздік ойыншысы мен бапкерін анықтады.
Нәтижелеріне сәйкес, үздік деп “Қайраттың” бапкері Александр Кержаков пен шабуылшы Жоао Пауло танылды.
Бразилиялық легионер “Қайрат” үшін шілде айында өткізген 2 ойында 2 гол соқты. Ал Александр Кержаков сары-қаралардың сол матчтарда жеңіске жетуіне үлкен үлес қосты.
2 ойында 6 ұпай жинаған Алматы ұжымы турнирлік кестеде 3 орнын сақтап қалды.
Еске салсақ, Александр Кержаков “Қайрат” командасына осы жылдың мамыр айында бас бапкер болып тағайындалған болатын.
Біздің серіктес: FONBET