Ислам Чесноков «Астанаға» ауысуы мүмкін

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
24.09.2024, 19:16

Биылғы премьер-лиганың үздік сұрмергені Ислам Чесноковқа «Астана» қызығушылық танытуда.

Ислам Чесноков «Астанаға» ауысуы мүмкін
Ислам Чесноков

Қостанайлық клубтың көшбасшысына деген елордалықтардың ерекше ықыласы қысқы трансферден бері белгілі. Алайда, футболшының өзі «Астананың» да өзге де шетелдік командалардан келіп түскен бірқатар ұсыныстарынан бас тартқаны мәлім. Бұл ретте Венгрияның «Кишвардасы» мен словакиялық «ДАК» секілді клубтарды айтып өтуге болады. 

Ислам Чесноков былтырғы жемісті маусымнан кейін биылғы ҚПЛ-де өзінің шеберлігін дәлелей түсті. Енді шабуылдаушы жартылай қорғаушының қыста клуб ауыстыратыны анық. Бірақ оның таңдауы шетел біріншілігінің командасына ма жоқ премьер-лиганың топ-клубтарына түсе ме, белгісіз. 

Айта кетейік, 21 турдан кейін «Тобыл» ҚПЛ-дің турнирлік кестесінде 6-орынға жайғасқан. Ал Ислам Чесноков «Тобыл» сапында осы маусымда барлық турнирлерде 9 гол салған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×