
Ислам Чесноков
Бүгін түнде Кардиффте болатын матч алдында Қазақстан құрамасы БАҚ-тың сұрақтарына жауа беріп, ойларын ортаға салды.
Ислам ЧЕСНОКОВ, Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы:
- Ерекше көңіл-күйдеміз, себебі бізді күрделі ойын күтіп тұр. Уэльс - мықты команда. Абат айтқандай, олар қатарынан алты кездесуде жеңіліссіз келеді және Ұлттар лигасындағы тобында бірінші болған. Сол сияқты біз де оқу-жаттығу жиындарын ойдағыдай өткізіп, матчқа сақадай саймыз. Ең озық футболымызды көрсетсек дейміз».
Айта кетейік, Қазақстан бүгін ӘЧ-2026 іріктеуінің аясындағы жорығын Уэльске қарсы ойынмен бастайды. Әли Ханәліұлының командасы наурыздың 25-де Лихтенштейнмен жолығады.
Біздің серіктес: FONBET