Ислам Чесноков қайда жоғалып кетті? Шотландия жанкүйерлері дүрлігуде

03.01.2026, 22:08

Қазақстан ұлттық құрамасының вингері Ислам Чесноковтың Шотландиялық "Хартс" клубына ауысуы нағыз детективтік хикаяға айналды.

Ислам Чесноков қайда жоғалып кетті? Шотландия жанкүйерлері дүрлігуде

Эдинбург қаласының жанкүйерлері қазақ футболшысын асыға күтіп, тіпті оның ұшағын онлайн режимде аңдуға көшкен.

FlightRadar-дан жоғалған ұшақ: Не болды?

Шотландиялық фанаттар әдеттегідей жаңа ойыншының келуін Flightradar24.com сайты арқылы бақылап отырған. Алайда, Ислам отыруы тиіс Амстердам – Эдинбург бағытындағы KL927 рейсі кенеттен картадан көрінбей кетіп, жұртты алаңдатып қойды.

Бұл жағдай желіде үлкен талқылау тудырды. "Жамбос” (Jambos Kickback) есімімен танымал жанкүйерлер қауымдастығы Х әлеуметтік желісінде былай деп жазды:

"Дәл осы KL927 рейсі — нақты уақыт режимінде көрсетілмей тұрған жалғыз ұшақ. Бұл жағдай Чесноковтың келуіне нағыз жұмбақ кейіп беріп тұр. Демек, ол анық осы ұшақта! Оның трансфері басынан бастап осындай құпиялыққа толы болғанын ескерсек, бұл тура оның стиліндегі дүние."

Трансфер неге кешеуілдеп жатыр?

Чесноковтың Эдинбургке келуі техникалық себептерге байланысты сәл шегерілгенімен, бұл жанкүйерлердің оған деген қызығушылығын одан сайын арттыра түсті. Шотландиялық фанаттар Қазақстандық футболшыны клубтың жаңа жұлдызы ретінде көріп отыр, сондықтан оның әрбір қадамын аңдуда.

Ислам Чесноковтың "Хартсқа" ауысуы — Шотландия чемпионатындағы ең көп күтілетін оқиғалардың біріне айналған. Оның трансферіне қатысты осындай мистикалық оқиғалар жанкүйерлер арасында оның беделін қазірден-ақ асқақтатып жіберді.

Қазір бүкіл Эдинбург көк аспанға қарап, құпия рейспен келетін қазақ баласын күтуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 27
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×