
«Hearts Standard» порталы Қазақстан құрамасы мен қостанайлық «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Ислам Чесноковтың британиялық клубқа ауысады деп хабарлама жасады.
Футболшының агенті Ярослав Зварыч те мұны жоққа шығарған жоқ.
«Хартспен» келіссөздер қарқынды жүруде, десе де трансфер толығымен жүзеге асқан жоқ», - деді Я. Зварыч.
ҚПЛ-2025 маусымында Ислам Чесноков тоғыз матчқа қатысып, 3 гол мен бір ассисттің авторы атанды. Сондай-ақ, 25 жасар жартылай қорғаушы Қазақстан құрамасының сапында 15 ойынға қатысып, үш рет мергендік танытқан. Мансабында «Тобылдан» бөлек «Алтай» мен беларусияның «Белшинасында» өнер көрсеткен еді. Ислам Чесноковтың қостанайық клубпен келісімшарты биылғы жылдың қарашасына дейін жарамды. Нарықтық бағасы 800 мың еуро.
Біздің серіктес: FONBET